Жұмыс беруші шетелдік жұмыскерді Қазақстанның басқа өңіріне іссапарға жібере алады, бұл ретте оны іссапарға жіберу мерзімі 1 күнтізбелік жыл ішінде жиынтықты 90 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Осы мерзімнен асып кеткен кезде жұмыс беруші шетелдік қызметкерге қосымша аймаққа рұқсат алуы қажет.
– «Қолданыстағы қағидаларға сәйкес жұмысқа рұқсат тек сол алынған аймақта ғана әрекет етеді.Сонымен қатар, жұмыс беруші Көші – қон қызметіне шетелдік қызметкердің еліміздің басқа өңірінде болғаны туралы хабарлауға міндетті »,- деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.
Көші-қон қызметін визалық көші-қон порты (vmp.gov.kz) және еQonag.kz. ақпараттық қызметі арқылы онлайн режимінде хабарлауға болады . Хабарлама 3 жұмыс күні ішінде берілуі қажет. Ақпарат ШҚО ПД Баспасөз қызметінен алынды