Алматы қаласындағы №3 Мамандандырылған ХҚО өз жұмысын тоқтатты
Алматы қаласы, Серіков көшесі, 2а мекенжайында орналасқан № 3 мамандандырылған ХҚО бөлімі жұмысын тоқтатады.
«Құлагер» шағын ауданының №3 Мамандандырылған бөліміне қызмет алушылар аз келеді. Көбінесе автокөлік иелері қызмет алу үшін №1, №2, №5 және №6 бөлімдерге жүгінеді немесе қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы онлайн алады. Аудан тұрғындарының тарапынан автокөлікке қатысты қызметтерге сұраныстың болмауы себепті бөлім жұмысын тоқтатуға шешім қабылданды» – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.
Осыған дейін Алматы қаласында автокөлік иелеріне арналған 5 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейтін.
Енді, авто көлік иелері қаладағы 4 МХҚО-ға жүгіне алады.Олар
№ 1 мамандандырылған бөлім-ш.а. Саялы, Аққайнар көшесі 1
№ 2 мамандандырылған бөлім-Майлин к-сі, 85
№ 5 мамандандырылған бөлім-Түрксіб ауданы, ш.а Қайрат, Құлжа даңғылы, 9 км.
№ 6 мамандандырылған бөлім – «Кемел» ш.а. Ақсуат көшесі, 118, мекенжайында орналасқан.