Нұр-Сұлтанда массаж салонына мас күйінде келген ер адам  әкімшіні тонап кетті

Жарияланды

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде «Айфон Х» маркалы ұялы телефонды ұрлады деген күдікпен 23 жастағы жігітті ұстады.

Жас жігіттің Кеген көшесіндегі қонақүйге массаж жасатуға келгені анықталды. Күдікті салоннан кетіп бара жатып, тіркеу орнында зарядтағышқа қосылған ұялы телефонды байқайды. Содан ол қызметшінің жоқтығын пайдаланып, ұялы телефонды алып, ізін суытқан. Ұялы телефонның жоғалғанын байқаған әкімші дереу полицияға хабарласқан. Полиция қызметкерлері келгенге дейін қонақ үйдің қырағы жұмысшылары мас күйінде күдіктіні ұстады.

Қазіргі уақытта 23 жастағы қала тұрғыны кінәсін мойындады, ұрланған ұялы телефон иесіне қайтарылды. Ұсталған азамат ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға шақырады. Ұялы телефондар мен басқа да құнды заттарды қараусыз қалдырмаңыз. Ақшаңызды қол жетпейтін жерде сақтаңыз. Егер сіз қылмыстың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға немесе «102» нөміріне хабарласыңыз.

 Ақпарат Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметінен алынды

Сондай-ақ оқыңыз