Ағымдағы жылғы тамыз айында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті табиғи монополиялар субъектілерінің 2020-2021 жылдарға тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау туралы есептерін қарау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 9,05 млрд.теңгеге еліміздің бірқатар өңірлерінде коммуналдық қызметтерге тарифтердің төмендегендігі туралы хабарлады.
Бүгінгі күні ТМС – ның 2021 жылғы есептеріне талдау жүргізу шеңберінде 12 өңірде, атап айтқанда Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстары бойынша мынадай салаларда: сумен жабдықтау – 162 млн. тг, жылумен жабдықтау – 379 млн. тг, су бұру – 22 млн. тг, электр энергиясын беру – 37 млн. тг, тауарлық газды тасымалдау – 9 млн. тг жалпы сомасы 609 млн. теңгеге тарифтер қосымша төмендетілді.
Нәтижесінде, қазіргі уақытта бекітілген УӨТ жалпы сомасы (бұрын аталған сомаларды ескере отырып) 9,66 млрд. теңгені құрайды.
ТМРК монополист – субъектілердің есептеріне талдау жұмыстарын жалғастыруда, нәтижелері қосымша хабарланатын болады.