Жаңалықтар

Қазақстанның 16 өңірінде бала құқықтарын қорғайтын уәкіл тағайындалды

Кез келген азамат өз аймағындағы уәкілдің көмегіне жүгіне алады.

Қазақстанның 16 өңірінде Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Олардың қатарында үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, балалар құқығын қорғауда тәжірибесі бар азаматтар бар.

Енді баланың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда ата-аналар, балалар және басқа да кез келген азамат өз аймағындағы уәкілдің көмегіне жүгіне алады.

Кандидаттар облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімімен тағайындалады.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қарайды. Олар сондай-ақ балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын ілгерілетуге қатысады.

Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі омбудсмендер балаларға арналған ұйымдарға кедергісіз кіре алады. Сондай-ақ олар қоғамдық негізде жұмыс істейді.«Нұр-Сұлтанжәне Шымкент қалаларында, сондай-ақМаңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, ШығысҚазақстан, Қостанай, БатысҚазақстан, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, СолтүстікҚазақстан, Ақмола, Абай, Алматы облыстарында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Ал қалған 4 облыста кан -дидаттар тізімі әлі қаралып жатыр. Біз комитет өкілдері ретінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдермен белсенді жұмыс істейміз», – деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.