Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 16 қыркүйекте теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,8%-ға (473,35-тен) әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 477,12 теңге деңгейінде қалыптасты. Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды, олардың негізгісі – АҚШ инфляциясы бойынша деректердің шығуы еді. АҚШ Еңбек министрлігінің деректері көрсеткендей, тамызда тұтыну бағаларының индексі шілдеге қарағанда нарықтық күтулерден асып түсіп, 0,1%-ға (базалық ТБИ 0,6%-ға) өсті. Бұл өз кезегінде АҚШ ФРЖ-ға Ашық нарықтағы операциялар жөніндегі федералдық комитеттің қыркүйектегі отырысы алдында ақша-кредит саясатының ықтимал күшейтілуі туралы белгі бере отырып, «күшейту» позициясын иеленуге қысым көрсетеді. Еуропалық орталық банк қазіргі күнгі үрдістің сақталуы кезінде пайыздық мөлшерлемелердің бұдан былай да көтерілетінін мәлімдей отырып, инфляция қарқынына ден қоюды қолдайтынын білдірді.
Бұл факторлар дамушы нарықтардағы валюталардың теріс динамикасын қалыптастырды.
Дамушы елдердегі валюталар бағамының АҚШ долларына қатысты динамикасы[1] төмендегідей болды:
- Ресей рублі 0,5%-ға (60,6-дан 60,28-ге дейін) нығайды. РФ ОБ негізгі мөлшерлемені 7,5%-ға дейін 50 базистік тармаққа төмендетті (тамызда жылдық инфляция 14,3%-ға дейін баяулады);
- үнді рупиясы 0,2%-ға (79,58-ден 79,75-ке дейін) әлсіреді. Үндістанның дамып келе жатқан JPMorgan&Chase Co нарықтарының облигациялар индексіне қосылуын күту жаһандық нарықтардағы теріс тәуекел-сентиментті өтей отырып, үнді облигацияларының тартымдылығын арттырады;
- түрік лирасы АҚШ-та инфляция туралы деректер шыққаннан кейін тәуекелге қатысты жаһандық жай-күйдің нашарлауы аясында 0,2%-ға (18,22-ден 18,26-ға дейін) әлсіреді. Ағымдағы операциялар шотының тапшылығы 4,01 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды;
- Мексика песосы АҚШ-тың күшті доллары мен қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсуі аясында 0,7%-ға (19,9-дан 20,04-ке дейін) әлсіреді;
- Индонезия рупиясы АҚШ долларының нығаюы аясында 0,8%-ға (14830-дан 14955-ке дейін) әлсіреді;
- Оңтүстік Африка ранды жаһандық тәуекелдің төмендеуі және шетелдік капиталдың әкетілуі аясында 1,7%-ға (17,31-ден 17,61-ге дейін) әлсіреді. Талдаушылар 22 қыркүйекте өтетін келесі отырыста ОБ негізгі мөлшерлемені 50-75 базистік тармаққа өсіруі ықтимал деп күтеді;
- Бразилия реалы шетел капиталының әкетілуі аясында 1,9%-ға (5,15-тен 5,25-ке) дейін әлсіреді.