Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Алкоголь өнімдерін заңсыз әкетудің аталған фактісі 2022 жылғы 15 қыркүйекте Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шеңберінде анықталған.
Нәтижесінде жалпы көлемі 20 тонна болатын «сыра» алкоголь өнімі бар автокөлік ұсталды. Құжаттарды қарау және тексеру барысында алкоголь өнімінің тиісті құжаттар болмағаны анықталды. Бұл «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылық болып табылады. Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен Успен аудандық сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жолданды