Елорда атауының өзгеруі салық төлеушілердің тіркеу деректерін өзгертпейді. Тиісінше, қайта тіркеуден өту қажет емес. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Осылайша, елорда атауын Нұр-Сұлтан қаласынан Астана қаласына өзгерту салық төлеушілердің: жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалардың және резидент емес заңды тұлғалардың тіркеу құжаттарын өзгертуге әкеп соқпайды. Елорданың бұрынғы атауы бар құжаттар да жарамды болады және мемлекеттік қызметті алу кезінде қолданылады.
Салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке алу үшін банк реквизиттері (БСН, мемлекеттік кірістер органдарының кодтары, ИИК, Қазынашылық комитетінің БИК, БСК, КНП) елорда атауының өзгеруіне байланысты өзгеріссіз, бұрынғыдай қалады.
Тек мемлекеттік кірістер органдарының атаулары ғана өзгереді. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті болып өзгереді, сәйкесінше Нұр-Сұлтан қаласының Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары, Астана-жаңа қала бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының атауы Астана қаласының Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары, Астана-жаңа қала бойынша Мемлекеттік кірістер басқармалары болып өзгереді.
Бұл ретте МКД және МКБ атауларын өзгерту салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібіне әсер етпейді. Төлем құжаттарындағы реквизиттерді толтыру кезінде МКД және МКБ атауын қолдап терудің қажеті жоқ.
Банктердің мобильді қосымшалары арқылы салықты төлеу кезінде мемлекеттік кірістер органдарының тізімінен тиісті Мемлекеттік кірістер басқармасын таңдау қажет. МКД және МКБ қайта тіркеуден өткенге дейін азаматтар төлем жасау кезінде тізімнен олардың ескі атауын таңдай алады.
Салықтар мен бюджетке міндетті төлемдерді төлеу бойынша ағымдағы шоттардың реквизиттері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында мына сілтеме бойынша орналасқан: