«Қолжетімді спорт» жобасы аясында елорда тұрғындарына арнап йогадан ашық сабақ ұйымдастырады. Оны танымал мамандар өткізеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Танымал йога шеберлері Сұңғат Ысқақов пен Ольга Васильева елорда тұрғындарына арнап йогадан сабақ өткізеді. Іс-шара 25 қыркүйек күні сағат 12:00-де Триатлон парк аумағында ашық ауада өтеді.
Оған тілек білдірушілердің бәрі қатыса алады. Сабақ аяқталғаннан кейін «қолжетімді спорт» жобасының серіктестері қатысушылар арасында сыйлықтар ойнатады.
Бас жүлде – Түркияның «LSA» компаниясының жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшыларынан екі адамға бір аптаға Анталияға жолдама.
Өзіңізбен бірге йога кілемшесі және ыңғайлы спорт формасы болғаны жөн.
Ұйымдастырушылар әр қатысушыға футболка, қатысқаны туралы сертификат және ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігін береді.