Қоғам

Кезектен тыс сайлау: үміткерлерді ұсыну 23 қыркүйектен басталады

Сайлау 20 қараша күні өтеді

Күні кеше мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ҚР Президентін кезектен тыс сайлауды 20 қараша күні өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткерді ұсыну 23 қыркүйектен басталып, 11 қазан сағат 18:00-де аяқталатынын мәлімдеді.

23 қыркүйек -21 қазан аралығында кандидаттың Конституция және Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін анықталады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысы 21 қазан мен 18 қараша аралығында өтеді. Үгіт жүргізу 18 қараша күні сағат 18:00-де тоқтатылады

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров үміткерлерге қойылатын талаптарды атап өтті:

  • ҚР азаматы болу;
  • Кейінгі 15 жылда ҚР аумағында тұруы;
  • Жоғары білімінің болуы;
  • Жасы 40-қа толған болуы;
  • Белсенді сайлау құқығының болуы;
  • Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.

Сайлау жарнасы 3 млн теңге болмақ. Сайлау жарнасы үміткер лауазымға сайланса не дауыс беруге қатысқандардың кемінде 5 пайыз даусын жинаса, қайтарылады.