Weir Minerals – тау-кен жабдықтарын өндіру және қызмет көрсету саласында әлемдік көшбасшы.
«Каз-Диа-Тест» ЖШС – медициналық диагностикалық тест-жүйелер өндірісі.
Weir Minerals компаниясы әлемдік көшбасшының супер сервисін KazStroy Trade ЖШС жүзеге асырады. Қала басшысы бұл Орталық Азиядағы алғашқы зауыт екенін атап өтті.
«Weir Minerals жабдықтары бұрыннан қалыптасқан және жергілікті мыс шахталарында сенімді жұмыс істейді. Енді отандық компаниялардың құрал-жабдықтарды сатып алу және қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар», – деді Ерболат Досаев.
«Каз-Диа-Тест» ЖШС зауытының ашылуында қала басшысы мұндай жобаны жүзеге асыру өзекті және уақтылы шешім екенін атады.
«Коронавирус пандемиясы «бірінші» байлықтың денсаулық екенін айқын көрсетті. Сондықтан жеке тестілеу жүйелерінің болуы – Алматы қаласы үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан және жалпы денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды қадам», – деді Ерболат Досаев.
Ақпарат Алматы әкімдігінің телеграм арнасынан алынды