Елорданың халықаралық әуежайында ер адам
декларацияланбаған iPhone 14 алып өтпек болған
2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында «Әуежай-Астана» кеден бекетінде Дубайдан келе жатқан халықаралық әуе рейсі жолаушыларын кедендік бақылаудан өтуі кезінде кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, сатылымға шығарылмаған 11 дана көлемінде декларацияланбаған IPHONE 14 PRO маркалы ұялы телефондарды әкелу әрекетін анықтады.
Кедендік шекара арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалану үшін жатқызу критерийлерімен ұялы телефондар – 1 адамға 2 бірліктен аспауы тиіс.
Ұсталған ұялы телефондар кедендік тазартудан өту үшін уақытша сақтау қоймасына орналастырылады.