Алматы Энергетика және байланыс университетінде «Қазақстанда АЭС не үшін салынуы керек?» тақырыбында осы сала мамандары мен студенттері, магистарнттары және сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Мамандар АЭС тиімділігі мен артықшылықтары жайлы пікір білдірді. Өз кезегінде АЭС құрылысын жүргізу жағдайында ескерілуі қажет шаралар мен басымдықтар да талқыланды. Атом электр станциясының энергетикалық тәуелсіздікке жола ашатыны, экономикалық дамуға негіз болатыны айтылды.
Дөңгелек үстелге «Қазақстандық Атом электр станцияларының» бас менеджері А.О. Сиябеков, АЭжБУ Ғылыми инновациялық қызмет жөніндегі проректоры А.А. Саухимов, осы университеттің Электроэнергетика және электротехника институтының директоры Ж.С. Абдимұратов, Ядролық физика институты Нейтронды физика зертханасының аға ғылыми қызметкері А.А. Ысқақов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі М.Е. Әбішев, сарапшы А.Д. Өміртай, экономист, қоғам белсендісі М. Халық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Елімізде атом электр станциясы құрылысын жүргізу мүмкіндіктерін қарастыру бойынша баяндама жасаған «Қазақстандық Атом электр станциялары» ЖШС-ның бас менеджері Асуан Сиябековтың айтуынша, 2018 жылы олар АЭС салудың техникалық-экономикалық негіздемесінің маркетингтік бөлімін әзірлеген. Онда АЭС-тың қуаты, орналасу аумағы жазылған. Бұл негіздеме Жапониядағы концорциумда мақұлданған. Келесі кезекте біз АЭС-ті жеткізушілерді, яғни «вендорларды» таңдау жұмыстарын жүргізілген. Тарап 6 вендордың 13 реакторлық технологиясын қарастырған. «Біздің «шорт- параққа» Қытайдың «Сининьси» компаниясының, Оңтүстік Кореяның «Эйчинпи», Ресейдің «РосАтом» компаниясы мен Францияның «Едеф» компаниясының реакторлары жазылды. Осылайша, біз 4 реакторды қарастырып отырмыз. Олар заманауи реакторлар. Үшінші буынды реакторлардың қатарына жатады. Барлығы қуат жағынан бірдей», – деді Асуан Сиябеков.
Мамандардың айтуынша елімізде электр энергиясының тапшылығы сезіліп отыр. Болашақита оны тұтыну төмендемейді, тек артады. Ад электр энергиямен тұрақсыз қамтудың жолы ол –АЭС деген тқжырым ацтады.
«Бұл сұрақ өте маңызды. АЭС салудағы негізгі мақсат электр энергиясын өңдеу. Бүгінде бізде электр энергиясының тапшылығы байқалып отыр. Болашақта тұтыну төмендемейді, ол тек қана өсе береді. Біздегі генерациялар, электр станциялар ескі. Олардың 70 пайызы көмірді қолданады, қарапайым тілмен көмір станциясы десек болады. Болашақта біз осы көмір станцияларынан бас тартамыз. Оның орнына не кіру керек. Жаңартылатын энергия көздері деп жатыр оны да қолдаймыз. Бірақ жаңартылатын энергия көздері тұрақты емес. Бізге базалық генерация керек. Ол жаңартылатын энергия көздері сияқты емес, энергияны тұрақты түрде беретін станциялар, соның ішінде АЭС – ол ең мықтысы. Ол көмір станциялары сияқты зинды емес. Сонымен қатар, еліміз уран қоры бойынша әлемде екінші орында. Қазақстанда АЭС салу үшін бәрі бар деуге болады. Кадрларды дайындау үшін мысалы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да теориялық және ядролық физика кафедрасы болса, біздің университетте жылу электр станциясы кафедрасы бар. 2019 жылы АЭжБУ-де АЭС бойынша оқу бағдарламасын аштық. Техниканың барлық саласына арналған институттарымыз бар. Қазір елімізде бір АЭС салу бойынша айтылып жатыр, болашақта мүмкіншілік болса бізге одан бөлек тағы екі станция салу керек. Біз оған дайынбыз», – дейді Алмаз Саухимов.
Алқалы жиын барысында студенттер мен магистранттар сұрақтар жолдап, еркін форматта пікір алмасты.
Дөңгелек үстел қатысушылары АЭС күн тәртібіндегі өзекті тақырып екендігін және оның болашақтың игілігі үшін жүзеге асуын айтып, оған үлкен жауапкершілікпен, асқан сауаттылықпен қадам басу қажеттігін жеткізді.