ҰҚК қазақ-орыс шекарасындағы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді

Жарияланды
Алайда шекараны жапқан жоқ

Ресей Президенті мобилизация жариялаған соң, әскерге жарамды орыстар шет елдерге қаша бастады. Қазақ-орыс шекарасында да ұзын-сонар көзек пайда болып, Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан. Қазақстандықтар екі күннен бері шекараны жабу керек деп дабыл қаққанымен, екі ел шекарасында орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Адамдар мен көліктің көбеюіне байланысты оның төртеуінде кептеліс болып тұр.

Бүгін Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекарадағы жағдайы ерекше бақылап отырмыз деп мәлімдеді.

«Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде» делінген хабарламада.

ҰҚК Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырып, Шекара қызметі халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз