Қазақстан Республикасының кеден қызметі жанындағы Ресей Федерациясы кеден қызметінің өкілдігінде Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына автокөліктерді әкелу тәртібін түсіндірді.
Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Армения Республикасының және Қырғыз Республикасының аумақтары ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік аумағын құрайды. ЕАЭО кедендік аумағының шектері ЕАЭО кедендік шекарасы болып табылады.
ЕАЭО Кеден кодексінің (ЕАЭО KК) 2-бабы 1-тармағының 47-тармақшасына сәйкес мыналар ЕАЭО тауарлары болып табылады:
- ЕАЭО кедендік аумағында орналасқан, ЕАЭО кедендік аумағында толығымен өндірілген;
- ЕАЭО-ның кедендік аумағында орналасқан, ЕАЭО тауарлары мәртебесін алған, не ЕАЭО-ның КK-қа сәйкес, не ол күшіне енгенге дейін ЕАЭО тауарлары деп танылған тауарлар.
ЕАЭО тауарлары мәртебесі бар көлік құралдары ЕАЭО кедендік аумағы шеңберінде еркін қозғалады.
Сонымен қатар, көлік құралдарын Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына әкелу кезіндегі келесі тәуекелдер бар.
Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес көлік құралдарының кейбір санаттарына қатысты кедендік әкелу баждарының «төмендетілген» ставкалары қолданылады.
Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылғандықтан ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемелерімен салыстырғанда барынша төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылады. Осыған орай Қазақстанның ДСҰ-ға қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелері бар. Осыған төмен ставкалар қолданатын жеңіл көлік құралдарының тізбесі және олардың баж мөлшерлемелері бекітілді (ЕЭК кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 шешімі).
Мұндай көлік құралдары шартты түрде шығарылған және шетелдік тауарлар мәртебесіне ие. Ресей Федерациясында тұрақты тұратын адамдардың аталған көлік құралдарын Ресей Федерациясына әкелуіне тыйым салынады.
Кедендік әкелу баждарының төмендетілген мөлшерлемелері қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылған Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары немесе өзге де тұлғалар) және егер осындай жеңіл автомобильдер мен өзге де моторлы көлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген мерзімдерде тіркелген жағдайда, басқа мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкеле алады. Ол үшін көлік құралдарын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді қамтитын құжаттары болып, онда кедендік әкелу баждарының төмендетілген мөлшерлемелерін қолдана отырып, айналымға шығарылады