Сенбі күндері 20 кезекші МХҚО жұмыс істейді

Жарияланды
Мемлекеттік қызметтерді eGov порталы арқылы алуға болады

Мамандандырылған ХҚО-лардағы жұмыстың артуына байланысты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ондағы жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады.

Енді елімізде 20 МХҚО сенбіде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін мемлекеттік қызметтер бойынша өтінім қабылдайды, ал құжаттарды беру сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін болады.

Ақтөбеде, Атырауда, Оралда, Ақтауда және Қызылордада кезекші МХҚО Астана уақыты бойынша сағат 10-00-ден 14-00-ге дейін қабылдайды, ал құжаттарды сағат 16-00-ге дейін береді.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жүргізуші куәлігін алу, көлік құралдарын тіркеу, сондай-ақ нөмір беру бойынша қызмет көрсетеді.

Қажетті мемлекеттік қызмет туралы 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414Bot Telegram-боты арқылы білуге болады, сондай-ақ корпорацияның әлеуметтік желілерінде де жауап беріледі.

Кезекші ХҚО мен МХҚО жаңа жұмыс кестесімен Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Telegram) танысуға болады.

Еске салайық, мемлекеттік қызметтерді eGov порталы, eGov mobile қосымшасы және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы онлайн алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз