Тесік –шұрық жолдарды жөндеудің мәселелері жақында шешімін таппақ
26-27 қыркүйекте Алматы қаласында ИнтерКонтиненталь (InterContinental) қонақ үйінде Орталық Азия Халықаралық Жол Конференциясы өтеді. Басталуы сағат: 9.30
Ауқымды іс-шараға ТМД елдерінен, Еуропа, Азия, АҚШ және Ресейден сарапшылар қатысады.
Халықаралық конференция бағдарламасында бірнеше тақырыптық сессиялар қамтылған:
- ҚР жолдар желісі, реформалар мен қаржыландыру;
- Асфальтбетон жабындысының сапасын арттыру;
- Битумды қоспалар мен полимер-битум қоспасының сапасын арттыру. Superpave жүйесі: сапаның жаңа талаптары;
- Автомобиль жолдарын жөндеуде суық технологияларды пайдалану;
Халықаралық конференцияның мақсаты халықаралық жол-құрылыс секторының өкілдері арасында тығыз байланыс орнату. Қатысушылар алыс және жақын шет мемлекеттердің мамандарынан құнды кеңестер тыңдап, озық ойларын біледі. Салалық министрлік өкілдерін, қауымдастықтарды, жол-құрылысы құрал-жабдықтарын, қоспаларын өндіретін компания басшыларын, ғылыми зерттеу институттардың ғалымдарының бір жерге топтастырып, араларында тығыз байланыс орнату екі күндік ауқымды іс-шараның міндеті.
Сарапшылар екі күн бойы мына тақырыптарды талқылайды:
- Жол саласындағы жаңа технологиялар, құралдар мен материалдар;
- Жолға қажетті битумның сапасы мен РG марканы қолдану;
- Битум мен асфальт бетонның сапасын химиялық жолмен жақсарту;
- Битумның полимер-модификациясы және полимер-асфальт бетон қоспасы;
- Асфальт бетонды төсеудің және өндірудің заманауи құрылғылары;
- Битумды-эмульсиялы технологиялар мен құрал-жабдықтар;
- Ыстық және салқын ресайклинг;
- Топырақ қабатын тұрақтандыру мен нығыздау;
- Жол салу мен жөндеудің қазіргі әдіс-тәсілдері;
- Сапаны бақылаудың зертханалық құралдары мен жабдықтары;
- Интеллектуалды жүйелер мен автоматтандыру жұмыстары;
- Автомобиль жоларындағы қауіпсіздік.
Конференция барысында еліміздегі автомобиль жолдарының сапасын жіті бақылайтын «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК басшысы Сағынов Замир Садықұлы мекеменің негізгі қызметі, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың құрылысы, күтіп ұстау, жөндеу кезінде қолданылатын материалдар мен жұмыстарды тексерудегі инновациялық технологиялар туралы баяндайды.
Конференция аясында ЖАҰСО РМК Алматы облыстық филиалын аралау жоспарланған. Онда зертхана жұмысын цифрландыру мен автоматтандыру үшін жасалған «KazRoadLab» атты бағдарламаның таныстырылымы болады.