Сыртқы істер министрлігі өз-өздерін жеке мемлекет деп жариялаған бүлікшік ЛХР мен ДХР және Украинанаың Запорожье, Херсон облысында өткен референдумға қатысты Қазақстанның ұстанымын жариялады.
«ЛХР мен ДХР деп өзін-өзі жариялаған мемлекеттердің және Запорожье мен Херсон облыстарының әскери әкімшіліктерінің Ресейге қосылу туралы референдум өткізуіне келетін болсақ, Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын негізге алады», – деді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.
СІМ өкілі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірнеше рет, оның ішінде БҰҰ мінберінен жақында ғана сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңызын мәлімдегенін айтып өтті
.»Жарғыда БҰҰ-ға мүше елдердің бейбітшілік пен мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау жауапкершілігі туралы айтылады. Біз саяси диалог орнату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімізді тағы да растаймыз», – деді Айбек Смадияров.
Ресми өкілдің айтуынша, бұл ретте Қазақстан тұрақтылықты өңірлік әрі жаһандық деңгейде сақтауды аса маңызды міндет санайды.