Қоғам

Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қандай қызметтерді ала алады?

Қызметке немесе өнімге онлайн тапсырыс беруге болады, тауар жеткізушісі қызметін де атқара аласыз

2020 жылдың ортасында Қазақстанның халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған интернет-жобалар картасында Әлеуметтік қызметтер порталы -Аleumet.egov.kz пайда болды. Бұл автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу мүгедектігі бар адамдардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі ұлттық жоспардың бір бөлігі болды.

Портал Қазақстан Республикасының барлық аймағында жұмыс істейді және 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен жетілдіріледі. Уеб-хабтың негізгі міндеті – бір жағынан, делдалсыз және қосымша ақысыз арнайы қызметтерді таңдау құқығын қамтамасыз ету, ал екінші жағынан, арнайы тауарларды жеткізушілерге шын мәнінде қажет ететіндерге сатуға мүмкіндік беру. Тағы бір плюсі – цифрлық сауаттылықты арттыруға үлес қосады.

Сонымен, порталды қалай пайдалану керегін, қандай қызметтерді онлайн алуға болатынын және ұсынылған қызмет өзін көңілден шықпаған жағдайда не істеу керегін тарқатып көрейік.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қандай қызметтерді алуға болады?

Мүгедектігі бар адамдар (немесе олардың заңды өкілдері) оңалтудың техникалық құралдарына (ОТҚ) және арнайы көлік құралдарына (арба), протез-ортопедиялық қызметтерге және қосалқы (компенсаторлық) құралдарға онлайн өтініш бере алады, байланыс көмекшісін (сурдолог, тифлолог) таба алады, гигиена өнімдеріне немесе курорттық емдеуге тапсырыс бере алады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, порталда мыналар тіркелген:

  • 816 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер);
  • 200 оңалтудың техникалық құралдарын жеткізуші;
  • 17 мыңнан астам жеке көмекші;
  • 302 ымдау тілін қызметін;
  • сауықтыру және оңалту шараларынан өтуге болатын 92 санаторий;
  • 146 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.

Порталда кепілдік берілген әлеуметтік пакеттерге тапсырыстар да өңделеді. Әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасы балаларына (бір жастан 6 жасқа дейін және 6 жастан 18 жасқа дейін) көрсетіледі және жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық көлікте жүруіне, медициналық көмекке ақы төлеуге, оқулықтармен қамтамасыз ету шығындарын өтеуді қамтиды. Оның ішіне мектеп формасы, мектептерде тегін ыстық тамақ та кіреді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың бірінші тоқсанында Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 85,5 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,1 мыңы – ымдау тілі қызметін, 33,5 мыңы – жеке көмекшінің қызметін алды. Сондай-ақ, Портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 25 мың тапсырыс рәсімделді.

Қызметтерге төлем қалай жүргізіледі?

Мүгедектігі бар пайдаланушылар немесе олардың заңды өкілдері өздерінің қызмет жеткізушісін немесе арнайы көмекші құралдарды өндірушісін таңдай алады. Мемлекет тарапынан техникалық құралдар мен оңалту қызметтерінің құнын өтеу тетігі, сондай-ақ бағасы қымбатырақ тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде тапсырыс берушінің қосымша ақы төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Тауарлар мен қаражат жеткізушінің есебінен жеткізіледі, оларды өзіңіз де алуға болады.

Әлеуметтік қызметтер порталына қалай тіркелу керек?

Жеке кабинетке кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Порталға балалар тіркеле алмайды, олар үшін заңды өкілдер (ата-аналары немесе қамқоршылар) жасайды.

Қызметке немесе өнімге қалай тапсырыс беруге болады?

Егер бәрі дұрыс толтырылса, деректер алынады және жаңартылады, сол жақ панельдегі жеке кабинетте қолжетімді опциялары бар «Сізге көмек» деген бөлек бөлімі пайда болады. Егер мұндай қойынды болмаса, сізге қажет бөлімге өту керек – мысалы, «Оңалтудың техникалық құралдарында» барлық ОТҚ көрсетіледі. Көмектің осы түрі бойынша жұмыспен қамту бөлімінен шешім күтіп, тауарға тапсырыс беру керек. Тапсырыстың жай-күйін «Тауарларға тапсырыстар» бөлімінде бақылай аласыз.

Егер өнімге тапсырыс беріп, оны алсаңыз, бірақ тауар жарамсыз немесе сапасы талапқа сай емес деп санасаңыз, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға сәйкес, өнімді алған күннен бастап 14 күн ішінде қайтаруға немесе айырбастауға құқығыңыз бар. Порталдың функционалы айырбастау туралы өтініш қалдыруға немесе жеткізушіден бас тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әлеуметтік қызметтер саясатын әзірлеу шеңберінде талапқа сай емес өнім беруші комиссияның шешімімен порталмен жұмыс істеу құқығынан айырылуы мүмкін және жеткізушілер тізімінен шығарылуы мүмкін.

Қалай тауар немесе қызмет жеткізушісі болуға болады?

Мұнда да тіркелу алгоритмі бірдей, тек заңды тұлғаның ЭЦҚ-сы қажет. Жеткізушілер мен қызмет көрсетушілерге қойылатын талаптардың толық регламенті «Әділет» порталында орналастырылған. Тіркеу барысында «Қоғамдық ұсыныс келісімінің» шарттарымен танысу қажет. Келісім берілген жағдайда жеткізушінің жеке кабинеті қолжетімді болады, онда деректер автоматты түрде жүктеледі.

ЭЦҚ арқылы кіре алмаса, не істеу керек?

Пайдаланушылар көбіне жеке кабинетіне кіру мүмкін еместігі туралы шағымданады. Бұл жағдайда ЭЦҚ жарамдылық мерзімін немесе NCALayer бағдарламасының дұрыс нұсқасын тексеру қажет. Егер балалар немесе қамқоршылар туралы ақпарат болмаса, сондай-ақ ОЖБ (мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы) бар болса, тұрғылықты аймағыңыздағы жұмыспен қамту бөліміне хабарласуыңызға болады немесе бірнеше күннен кейін қайта тексеріп көруіңіз керек – мүмкін ақпарат порталға әлі де шықпаған болар немесе жаңартылмаған болуы мүмкін.

Әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс істеу кезінде қандайда бір мәселе туындаса, «1414» байланыс орталығына, сондай-ақ Telegram және What’s App мессенджерлерінде мына номерлер бойынша хабарласуға болады:

+7 (708) 114-87-62;

+7 (708) 114-87-69;

+7 (708) 114-87-54;

+7 (778) 550-48-03;

+7 (778) 170-69-38;

+7 (747) 710-57-89.

Портал жұмысына қатысты барлық сұраққа сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін үзіліссіз жауап ала аласыз.

Порталдың өзінде «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімі бар, ал «Қолдау» бөлімінде пайдаланушылар үшін де, жеткізушілер үшін де егжей-тегжейлі түсіндіретін нұсқаулар бар. Сондай-ақ ақпаратты порталдың Youtube арнасындағы субтитрлері бар видеолар арқылы толығырақ ала аласыз.