«Meta» компаниясының өкілдерімен кездестім. Бұл компанияның құрамына Facebook, Instagram және What’s App мессенджері сияқты әлеуметтік желілер кіреді.Осы әлеуметтік желілер кеңістігінде білім беру саласындағы ынтымақтастық және оны танымал ету мәселелерін талқыладық.Біз үшін білім беру бағытындағы контентті, әсіресе оны қазақ тілінде насихаттау және балаларды қажетсіз, жағымсыз контенттен қорғау мәселелері маңызды. «Метаның» Орталық Азиядағы үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директоры мен басқа да әріптестер бастамаларымызды қолдағанына қуаныштымын.Facebook платформасында мұғалімдеріміз белсенді түрде өз пікірлерін білдіріп, түрлі проблемаларды көтеріп, жаңалықтармен бөлісіп отырады. Сонымен қатар бүгінгі күні мұғалімдеріміз Instagram алаңын белсенді пайдаланып, оқушыларға белгілі бір пән туралы мәлімет беріп, сол арқылы балалардың оқуға деген қызығушылығын, ынтасын арттырып жүр. Ал біз ұстаздардың мұндай бастамаларын құп көріп, әрқашан қолдаймыз. Сонымен қатар педагогтеріміздің оқушыларды оқу-тәрбие үдерісіне заманауи тәсілдермен тартуға деген ұмтылысы мақтауға тұрарлық.Джордж Чен әріптестерімен бірге қазақстандық мұғалімдер мен ата-аналардың әлеуметтік желілердегі белсенділігін атап өтіп, мұғалімдерге арнайы тренингтер өткізуді ұсынды. Олар мұғалімдерді балаларды оқытуда түрлі цифрлық ресурстарды белсенді пайдалануға үйретуге бағытталады.«Meta» өкілдерімен білім беру саласында ынтымақтасып, оны одан әрі дамытамыз деп ойлаймын.
Мұғалімдер фейсбук пен инстаграмды белсенді қолданып жатыр
«Meta» компаниясының өкілдерімен кездестім. Бұл тураы Оқу-ағарту Министрі Асхат Аймағамбетов фб парақшасында жазлды
Сондай-ақ оқыңыз
-
Оқу уақыты ~ 5 мин.
Қайрат Нұртас Атыраудағы қарттар үйіне барып, ән айтты (видео)
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Жоғары оқу орнына тапсыру үшін қандай құжат жинау керек
-
Оқу уақыты ~ 5 мин.
NASA мен Amazon Prime Байқоңырдан ұшу сәтін тікелей эфирде көрсетеді
-
Оқу уақыты ~ 8 мин.
Тұрсынбек Қабатовтың қызы су жаңа көлігін көрсетті
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі қызметінен кете ме
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Астанада қоқыс полигонындағы өрт үш тәуліктен соң сөндірілді
-
Оқу уақыты ~ 6 мин.
Алматы кітапханаларында тегін үйірмелер ашылды
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Таиланд астанасында паб өртеніп, 27 адам қаза тапты
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам қайтыс болды
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
Әшімбаев, Қарин және вице-президент лауазымы — саясаткер ойын тәртібін түсіндірді
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
«ҚазТАГ» «Фридом Финанспен» медиативті келісім жобасымен танысуға уақыт беруді сұрады
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Астананың инфрақұрылымын дамытуға үкімет резервінен 16,2 млрд теңге бөлінді