Компаниялардың жұмысы жемісті жүруіне әсер ететін бірден-бір фактор — SWOT-анализдің дұрыс жасалуы. Яғни бұл дегеніміз — стратегиялық жоспарлау құралы. Қандай да бір кәсіптің ең маңызды деген барлық аспектісін тізіп шығып, талдау жасалады. Бүгінгі материалымызда Netflix компаниясының SWOT-анализінің үлгісін талдаймыз. Қандай басымдық болғанын ғана емес, кемшіліктерін, мүмкіндіктерін, қауіп-қатерін де байқаймыз.
Айтқанымыздай, SWOT-анализ арқылы компанияның нарықтағы орнын шегелеп, мықтап қоюға болады. Бүкіл әлемде ол ең тиімді құралдардың бірі ретінде мойындалған. Мысал үшін Netflix компаниясын алып көрелік. Аталған компания — әлемдегі ең ірі стримиң алаңның бірі. «Нетфликс» эксперттері үнемі анализ жасап, артықшылық, әлсіз тұстары, мүмкіндік пен болуы мүмкін қатерлерді бақылап, талдап отырады. Соған байланысты жасалатын шаралардың толыққанды жоспары белгіленеді.
Артықшылықтары
- Қарқынды өсу;
- Брендтің беделі мықты;
- Әлем бойынша үлкен клиенттер базасы жинақталған;
- Жоғары сапалы, оригинал контент;
- Түрлі технологияға жедел бейімделеді;
- Клиентке бағытталған шаралар атқарылады;
- Бағасы қолжетімді.
Осындай артықшылықтар тізілген анализдің арқасында Netflix стримиң алаңдардың ішінде алдыңғы қатарда орын алып отыр. Алдағы уақытта да осы бетінен таймайтын болса керек. Енді келесі кезекте әлсіз тұстарына тоқталсақ.
Әлсіз тұстары
- Авторлық құқық шектеулі;
- Қарыз сомасының өсуі;
- Танымал экологиялық бастамалардың болмауы;
- Үш түрлі деңгейден, атап айтқанда базалық, стандарт және премиумнен ғана тұратын тариф түрінің аз болуы;
- Солтүстік Америка нарығына тым тәуелді болуы;
- Техникалық қолдау жеткіліксіз;
- Клиенттерге арналған қауіпсіздік деңгейі төмен;
- Эксплуатациялық шығындардың өсуі.
Компанияның осындай әлсіз тұстары бар. Бір қарағанда, аса үлкен мәселелер емес. Егер алдағы уақытта мұқият қарастырып, саралайтын болса, осы аталған кемшіліктің бәрін компания түзетіп, нарықтағы позициясын бұрынғыдан бетер бекіте алады.
Мүмкіндіктер
- Арзандау бағамен мобайл ағындық жолдау нұсқасын қарастыру. Сол арқылы халықаралық нарықта қолданушыларды ұстап қалуға және көбейтуге жол ашылады;
- Жарнамалық интеграцияларды көбейту. Netflix жарнамаға бағытталған бизнес-модель жасап, сол арқылы табысын өсіре алады;
- Жаһандық клиенттер базасын кеңейту;
- Түрлі фильм дистрибьюторларымен келісімшартты көбірек жасатып, соның көмегімен өзінде жинақталған фильмдер санын көбейту;
- Жаңа байланыс жеткізушілерімен келісімге келу;
- Жергілікті тілдердегі белгілі бір аумаққа бағытталған контенттер өндіру;
- Афроамерикалыұтарғаарналған білім беру ұйымдарын қолдау.
Осы айтылған мүмкіндіктерді ескерсе, компания бұдан бетер алға жылжи алады. Ол үшін толыққанды анализ жасап, әрбір қадамды ойластыру керек.
Қауіп-қатерлер
- Disney, Apple TV, HBO, Amazon, Hulu және YouTube сынды стримиңдік алаңдардың тарапынан үлкен бәсеке әрі қысым бар.
- Netflix сынды қызмет ұсынушыларға қатысты үкіметтік ережелер мен қаулылар қатал;
- Диджитал ұрлық;
- Нарықтың түрленуі;
- Тіркелгілерді бұзып алу қаупі;
- Өткізу қабілетіне қатысты кейде үкімет тарапынан қысым болады. Мысалы 2020 жылы наурызда Еуропа одағының комиссары Netflix-тің HD-контенті инфрақұрылым жүктемесіне ауыр әсер ететінін, сол арқылы қорғаныс немесе аурухана сынды маңызды функцияларға кедергі келтірінен айтып, шағымданған еді.
Бұл сонда қандай анализ?
Бүгінде компаниялардың жұмысы жемісті жүруіне әсер ететін бірден-бір фактор — SWOT-анализдің дұрыс жасалуы. Яғни бұл дегеніміз — стратегиялық жоспарлау құралы. Қандай да бір кәсіптің ең маңызды деген барлық аспектісін тізіп шығып, талдау жасалады. Ал оны қалай құру керек, кемшіліктері мен артықшылықтары, түрлері қандай десеңіз, мархабат, назарыңызға толық ақпарат ұсынып отырмыз.
Алдымен бұл сөздің қандай шыққанына тоқталайық. Аталған аббревиатура ағылшын тіліндегі «strengths, weaknesses, opportunities, threats» деген төрт сөздің бас әріптерінен құралған. Мағынасына келсек, «мықты тұстар, әлсіз тұстар, мүмкіндіктер және қатерлер». Былайша айтқанда, SWOT-анализ жасау арқылы компанияға кешенді зерттеу жасап, бәсекелестер мен нарықты түгел талдауды білдіреді.
SWOT-анализ элементтері
Көз алдыңызға 2×2 матрицаны елестетіңіз. Соның ішінде көлденеңінен — ішкі және сыртқы факторларға, тігінен жағымды және жағымсыз факторларға бөлесіз. Осылай жасағанда барлығына түсініктірек болады. Сонымен алғашқы фактор — мықты тұстар немесе Strengths (S). Компанияның мықты тұстары деп артықшылықтарды тізіп шығу керек. Мәселен, бәсекеге қабілетті болуы, өнімнің жоғары сапасы, маркетиң саясаты, индустриялық ахуал және т.с.с. Енді мысал түрінде келтіріп көрсек. Мегаполисте бизнес-орталықтың жаныда орналасқан кафе болсын. Егер оның жанында өзге де қарапайым кафе мен мейрамханалар болып, сіздікі дұрыс тамақтанатындарға арналған ерекше жер болуы керек. Сонда ғана бұл тұсы мықты саналады. Болмаса, мақсатты аудиториясының ауқымы кең деген тұсты сауда орталығындағы фуд-кортта орналасқан кафе иелері өзіне меншіктей алмайды. Себебі фуд-кортта бәсекелестер көп. Сәйкесінше, мықты тұс деуге келмейді.
Бұдан кейін Weaknesses — әлсіз тұстар (W). Бұл жерге аты айтып тұрғандай, дамуға кері әсер ететін факторлар тізіледі. Сөйтіп осы тұстармен қалай жұмыс істеп керегі айқындалуы керек. Айталық, онлайн тапсырыс жеткізумен айналысатын киім дүкеніңіз болса, онда сіз әлеуметтік желіде белсенді болуыңыз міндетті. Егер ресми каналдарыңыз болса, осал тұсыңыз осы деген сөз. Болмаса, оффлайн дүкен деп алсақ, жаныңыздан белгілі брендтің дүкені филиалын ашса, бұл сіз үшін қатер тудырады. Яғни әлсіз тұстар компанияның қызмет түрінен байланысты болып келеді. Бірақ оны реттеуге әбден болады. Ол үшін сервисті жақсарту, маркетиң стратегиясын қайта қарау сынды жұмыстар атқарылуы қажет.
Үшінші ол — Opportunities – мүмкіндіктер (O). Бұл қатарға нарықты дамытуға бағытталған барлық аспектіні қосуға болады. Компания тікелей әсер ете алмайтын, бірақ белгілі бір қадамдарды іске асырса пайдаға кенелуі мүмкін жайттар осы тізімде. Мәселен, өнімнің өзіндік құнын түсіруге мүмкіндік беретін жаңа технология пайда болса, бұл — жаңа жабдықты сатып алған соң табысты молайтуға септігін тигізетін қадам. Сонымен бірге ауылшаруашылығы өнімдерін сататын болсаңыз, маркетиңге жақсылап ақша құю арқылы табысыңызды еселей аласыз. Өйткені бүгінде табиғи әрі таза өнімдер жеу сәнге айналды.
Threats – қатерлер (T). Мұнда мақсатты аудиторияның пікірі мен клиенттердің әрекеттеріне байланысты нәрсенің бәрі жатады. Компания басшылығы қанша жерден қаламаса да, болатын түрлі жағдай осы қатарда. Трендтен шығып қалу, экономикалық дағдарыс, импортқа мұқтаж болу, сұраныстың маусымға байланысты түсуі, сіздікінен гөрі арзандау баламалардың пайда болуы — осы сынды фактордың бәрі қатерлер деп аталады. Егер бизнесіңізге тиетін қатерді түсініп, біліп отырсаңыз, клиенттен айырылып қалмаудың қамын жасайсыз. Ал ол үшін анализдің осы түрі қажет-ақ.
Қандай түрлері болады?
Зерттелетін нысанның бағыты мен сипатына қарай SWOT-анализ бірнеше типке бөлінеді. Яғни анализ объектісіне қарап, мынадай негізгі түрлерін ерекше атап өтуге болады:
- Білім беру мекемесінің SWOT-анализі;
- Үкіметтк немесе коммерциялық емес ұйымдардың SWOT-анализі;
- Коммерциялық ұйымның SWOT-анализі;
- Жеке адамның SWOT-анализі.
Сонымен кәсіптің бағытына қарай жедел не кешенді анализ жасалады. Экспресс-анализде компания қызметінің барынша жан-жақты және объективті сипаттамасы жасалады. Мұндай анализ жасаған кезде нарықты тереңірек зерттеп, нақты қаржылық деректерді қолданудың керегі жоқ. Ал енді кешенді анализ кезінде статистикалық мәліметтер мен ірі маркетиңдік зерттеулер нәтижесін қосу қажет болады. Негізі басым көпшілігі жедел анализ жасайды. Сол жеткілікті. Өйткені егер дұрыс құра алса, жиналған деректерге қаржылық есептер қоспаса да болады.
Артықшылығы мен кемшілігі қандай?
Бір ескеретін жайт, SWOT-анализ не істелгені туралы ақпарат береді, бірақ «не істеу керек? деген сауалға жауап бермейді. Яғни SWOT-анализ нәтижесін алған соң, алдағы уақытта не істеу керегін ойланасыз, қандай шаралар қолдану керегін шешесіз. Сонымен артықшылықтарын тізіп шықса:
- Есепті әзірлеу ұзақ уақыт алмайды;
- Мәліметтерді жинастыру қиын емес;
- Есепті көрген адамның барлығы дерлік түсінеді. Өте қарапайым;
- Компанияның қазіргі жағдайдағы басым тұстарына байланысты талдау жасауға мүмкіндік бар;
- Индустрияның яки нарықтың қазіргі жағдайына анализ жасау қажет екені;
- Клиенттің бет-бейнесі жасалады;
- Қатерлер мен қауіпті ішкі және сыртқа факторларға қарай анықтау;
- Өсу нүктесін компанияның дамуы мен нарықтың бүгінгі ахуалына қарай анықтай алу мүмкіндігі.
Артықшылықтары осындай десек, енді кемшіліктерін де атап өтейік.
- SWOT-анализ компанияның белгілі бір уақыт ішіндегі жағдайы туралы ғана ақпарат береді. Яғни даму динамикасын көрсету қиын;
- Мәліметтерді жинау асессордың субъектив бағалауына көбірек байланысты;
- SWOT-анализде болжамдар мен гипотезалық факторлар есепке алынбайды;
- SWOT-анализ не істеу керек деген сұраққа жауап бермейді десек, бизнес-стратегия құрарда қосымда әрі толыққанды тағы анализ жасау керек деген сөз.