Бақылау-касса машинасының чегінде сатып алушының ЖСН-і көрсетілуі керек пе?

Жарияланды
Тек қана сатып алушының (клиенттің) талабы бойынша

Әлеуметтік желілерде азаматтар кейбір дүкендерде сатушылар сауда жасағаннан кейін  сатып алушылардан ЖСН-ді беруді талап ететінін айтып, шағымдануда. Мемлекеттік кірістер комитетінде бақылау-касса машинасының чегінде сатып алушының ЖСН-і қай кезде көрсетілуі керектігін түсіндірді.

2022 жылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдану тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Салық кодексінің 166-бабына).

Салық кодексінің 166-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БКМ қолдану кезінде тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады.

Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес БКМ чегінде көрсетілуі тиіс ақпарат тізбесі белгіленген.

Өз кезегінде, Салық кодексінің 166-бабы 7-тармағына сәйкес онлайн-БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетілуі тиіс.

Осылайша, тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде сатушы БКМ чегін беруге және тек қана сатып алушының (клиенттің) талабы бойынша БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), алушының ЖСН нөмірін көрсетуге міндетті.

Сондай-ақ оқыңыз