Жаңалықтар

Қандай салымдар бойынша мемлекеттен сыйлықақы алуға болады?

Теңгемен салымдар бойынша өтемақы туралы не білу қажет

Қазақстанда салымшыларды қолдау мақсатында Жеке тұлғалардың ұлттық валютада- теңгемен орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйақы) төлеу тәртібі әзірленді. Ол 2022 жылғы 12 қыркүйекте қолданысқа енгізілді. Бұл туралы Fingramota.kz толығырақ айтып берді.

Өтемақы 10%-дық мөлшерде сыйлықақы алуға келісімін растаған және 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін банктерге -депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушыларына өтінім жолдаған салымшыларға ғана төленеді.

Қандай салымдар бойынша мемлекеттен сыйлықақы алуға болады? 

Өтемақыны тек 2022 жылғы 24 ақпанға дейін теңгемен ашылған депозиттер бойынша ғана алуға болады.

Өтемақы мынадай салымдар бойынша төленеді:

– жинақ, яғни ақшаны ішінара алу құқығынсыз қайтарып алынбайтын депозит;

– мерзімді салым (білім беру жинақтау салымдарын және тұрғын үй құрылыс жинақтарын қоса алғанда). Сыйлықақы тек осы салымдар бойынша және 20 миллион теңгеден аспайтын сомаға төленетін болады.

Бұл ретте, сыйлықақы мыналарға:

– талап етілгенге дейінгі салымдарға, яғни банк белгісіз мерзімге ашатын және клиенттің бірінші талабы бойынша қайтарылатын салымдарға;

– шартты салымдарға;

– ағымдағы банктік шоттарға қолданылмайды.

Депозиттер бойынша өтемақы төлеу жеке тұлғаларға, резиденттерге және бейрезиденттерге, оның ішінде дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға төленуге тиіс.

Егер салымшының бір банкте бірнеше депозиті болса, онда өтемақы жалпы сомасы 20 млн теңге көлемінде төленеді. Ал егер салымшыда түрлі банктерде депозиттер болса, онда сыйлықақы әрбір салым бойынша ол да 20 млн теңге шегінде төленетін болады.

Салымшылар өздерінің теңгемен салымдары бойынша, егер:

– олардың салымдарының мерзімі аяқталмаған немесе 2023 жылғы 23 ақпанға дейін (бір немесе бірнеше рет) ұзартылған;

– банктік салым шарты тоқтатылмаған және салымшы өзінің барлық жинақтарын депозиттен толығымен алмаған жағдайларда сыйлықақы алуларына болады.

Өтемақы қалай есептеледі? 

Өтемақы төлеудің негізгі талабы – бұл 2022 жылғы 23 ақпанда операциялық күннің соңында депозитте болған сома және ол жыл бойына өзгеріссіз қалуы керек. Яғни, салымшы депозиттен ақша алмауы керек!

Егер салымшы, айталық, депозиттен қаражаттың бір бөлігін алған болса немесе шотты толықтырса, онда 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғанда кезеңдегі депозиттегі ең аз қалдыққа өтемақы төленуге тиіс.

Мемлекеттен ең жоғары сыйлықақы алу үшін бір жыл ішінде – 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 23 ақпан аралығында депозиттен қаражат алмаған жөн! Егер шот бойынша қозғалыстар болған болса, онда осы депозитте бір жыл ішінде тіркелген ең төменгі сома өтелуге тиіс. Өтемақы төлеу үшін арнайы жеке шоттар ашудың қажеті жоқ!

Салымшы өтемақы алуға келісімін қалай растайды? 

2023 жылғы 1 қаңтарға дейін өтемақы алуға келісіміңізді растау маңызды. Көрсетілген мерзімде банкке келісім туралы өтініш бермегендерге өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.

Банктер салымшыларға өтемақы алу мүмкіндігі және өтініш беру арқылы келісім беру қажеттілігі туралы хабарлайды. Өтініш беру тәртібі мен тәсілін банк айқындайды.

Өтініште салымшылар мыналарды көрсетуі керек:

– тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

– жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН).

Өтініште салымшы:

– өтемақы алу үшін;

– ПКҚ, ҚОҚ және ҚДКБҚ (Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына) ақпаратын, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты ұсынуға;

– өтемақы төлеу үшін ПКҚ және ҚДКБҚ дербес деректерді жинауға және өңдеуге өзінің келісімін береді.

 Өтемақы төлеу қағидалары бойынша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар «1477» нөмірі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүгіне алады.