Рим Папасы Путин мен Зеленскийді қақтығысты тоқтатуға шақырды

Жарияланды
Ол Путиннен «зорлық пен өлімді тоқтатуды» сұрады

Рим Папасы Путиннен «зорлық пен өлімді  тоқтатуды», ал Зеленскийден «бейбітшілік туралы ұсыныстарға ашық болуды» сұрады.  Франциск  шешім әр елдің аумақтық тұтастығын құрметтеу негізінде қабылдануы керек деді. Бұл туралы РБК сайты хабарлады.

Рим Папасы Франциск Ресей мен Украина президенттері Владимир Путин мен Владимир Зеленскийге соғыс қимылдарын тоқтатуды және келіссөздер жүргізуге жағдай жасауды сұрады.

«Менің өтінішім ең алдымен Ресей Федерациясының Президентіне арналған, мен одан зорлық-зомбылық пен өлімді оның, ішінде өз халқының мүддесі үшін тоқтатуды өтінемін. Екінші жағынан, басқыншылық салдарынан украин халқының орасан зор қасірет шеккеніне қатты қайғыра отырып, мен Украина Президентіне бейбітшілік туралы байыпты ұсыныстарға ашық болуға шақырамын», – деді ол.

Ол сондай-ақ басқа мемлекеттердің саяси көшбасшыларын қақтығыстарды тоқтату үшін «қолдан келгеннің бәрін жасауға», диалог бастамаларын қолдауға және әлі қолданылмаған дипломатиялық құралдарды пайдалануға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз