Руслан Иманқұлов ҚР ТЖ министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды
Жарияланды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі болып Руслан Иманқұлов тағайындалды. Бұл туралы тиісті шешімді ТЖ министрі Юрий Ильин қабылдады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Р. Иманқұлов 1985 жылы Жамбыл қаласында туған. Білімі жоғары.
ТЖ министрлігіндегі өз еңбек жолын Жамбыл облысы ТЖ департаментінің маманы болып бастады. ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі болып қызмет атқарды.
Сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, ҚР ИИДМ БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік етті.
Юрий Ильин жеке құрамға таныстыра отырып, Р. Иманқұловтың осы саладағы тәжірибесін атап өтті, сондай-ақ бірқатар басым міндеттерді белгілеп, алдағы жұмысына табыс тіледі.