Жаңалықтар

Чехия өз азаматтарын Ресейден кетуге шақырды

Чехияның Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарын бұл елге сапарға шықпауға шақырды

Чехияның Сыртқы істер министрлігі Чехия азаматтарын Ресейден кетуге шақырады. Бұған дейін АҚШ, Италия, Польша және т.б. өз азаматтарын елден кетуге шақырған. Бұл туралы РБК сайты мәлімдеді.

Ескертулерге қарамастан Ресейде қалуды шешкендерге Чехия билігі «өте абай болуға», «сенімді БАҚ» ақпаратына сүйенуге және төтенше жағдайдан шығу жоспарын дайындауға кеңес берді.

Сыртқы істер министрлігі Ресей азаматтығын алған Чехия азаматтарына Мәскеудегі Чехия елшілігі оларға тиісті, толық консулдық қорғауды қамтамасыз ете алмайтының ескертті.

Сонымен қатар, Прага Ресей мен ЕО және НАТО елдері арасындағы шиеленіскен қарым-қатынасқа байланысты Ресейдегі елшіліктің жұмысы шектелуі мүмкін екенін айтты.