Мобилизация жарияланғалы бері Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік келген
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                    
                
                
                                    
                         Соның ішінде 147 мыңы елден шығып кеткен 
                    
                            Ресей азаматтары Қазақстанға ағылып келіп жатыр. 21 қыркүйектен бері шекараны 200 мыңнан астам адам кесіп өтті, деп хабарлады Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.
«Қазіргі кезде соның 147 мыңы елден кетті», — деді Ахметжанов Үкімет кулуарында.
Министрдің айтуынша, жағдайды көші-қон қызметі бақылап отыр. Шекарадан өтерде Қазақстан тарапынан да, Ресей тарапынан да ешқандай шектеу жоқ.
Қазақстанға ағылғандардың қатары апта сайын артып келеді. Қыркүйек айының соңында 100 мың адам келгені туралы хабарланған еді. Ресей азаматтарының шетелге кетуіне Ресейде жарияланған мобилизация себеп.
Бұған дейін ІІМ басшысы Қазақстан көрші ел билігіне мобилизацияға шақырылған ресейліктерді бермейтінін мәлімдеген болатын.