Қостанайда 23 мыңнан астам бөтелке жасанды алкоголь тәркіленді
Жарияланды
Іс бойынша тергеу басталды
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті бұрын тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері бойынша контрафактілік есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдерін сақтау және сатумен айналысқан ЖШС құрылтайшысын әшкереледі.
Тінту кезінде жалған акциздік маркалар жапсырылған 23 мыңнан астам бөтелке көлеміндегі алкоголь өнімінің 40 түрі тәркіленген қоймалар анықталды.
Іс бойынша тергеу жалғасуда.