Жаңалықтар

Теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау көлемі бірден 33% өсті

Темір жол көлігі кәсіпорындарының кірісі 851 миллиард теңгеге жетті

Биылғы қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша теміржол көлігі саласындағы компаниялардың кірісі бір жыл бұрынғы 739,6 млрд теңгенің орнына 851 млрд теңгеге жетіп, құндық мәнде 15,1% өсті. Кірістің басым бөлігі дәстүрлі түрде жүк пен багажды тасымалдаудан алынған: 786,4 млрд теңге. Қалған 64,6 млрд теңге жолаушылар тасымалына тиесілі.

Биылғы сегіз айының қорытындысы бойынша, теміржол көлігімен 273 млн тонна жүк пен багаж тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен бірдей (0,2% ғана аз).

Ең көп жүк мен багаж Ақтөбе және Ақмола облыстарында, сондай-ақ елордада, ең азы Батыс Қазақстан облысында тасымалданған.

Еліміздегі жүк айналымы 5,4% өсіп, 206,2 млрд ткм құрады.

Биылғы қаңтар–тамыз айларында теміржол көлігімен 13,1 млн адам тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,6% артық.

Өңірлер бойынша жолаушылардың басым бөлігі елордада, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында, ең азы Батыс Қазақстан облысында тасымалданған.

2022 жылы жолаушылар айналымы 11,1 млрд пкм-ге жетті, бір жылда 38,4% өсті.