Иранда үкіметке қарсы шеруге студенттер мен мектеп оқушылары қосылды

Жарияланды
Жоғары сынып оқушылары наразылық ретінде орамалдарын шешті

Ирандағы наразылықтар толастамай тұр. Студенттер мен жоғары сынып оқушылары апта басындағы шерулерге қосылды. Елде оқу жылы ресми түрде басталды. Бұл туралы ru.euronews.com сайты хабарлады.

Жексенбі күні Тегерандағы беделді Шариф технологиялық университетінің алаңында қауіпсіздік күштері студенттерді жан-жақтан қоршап, олардың кетуіне кедергі жасап, көзден жас ағызатын газ қолданды. Жүздеген студент ұсталды, көпшілігі кейін босатылды.

Дүйсенбі күні түрлі университеттердің студенттері ұсталғандарды босатуды талап етіп. Студенттер мен оқушылар Тегеран мен басқа да қалалардың көшелеріне шықты.

Бірқатар қалалардағы жоғары сынып оқушылары наразылық ретінде орамалдарын шешті.

Сондай-ақ оқыңыз