2022 жылғы қаңтар–шілдеде отандық компаниялар күнбағыс майына сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 2021 жылғы қаңтар–шілдедегі 80,7%-бен салыстырғанда 82,8% қамтамасыз етті. Бұл кезеңде күнбағыс майын өндіру көлемі 36,9% өсті. Импорт 18,6% өсіп, 55,6 мың тоннаны құрады. Бұл туралы Energyprom.kz мәлімдеме берді.
Қазақстаннан күнбағыс майының экспорты бірден 2,6 есе өсіп, 2022 жылдың қаңтар–шілдесінде 129,5 мың тоннаға дейін жетті, ал ішкі нарықтағы сатылым 193,8 мың тоннаға дейін небәрі 0,8% өсті. Қолда бар ресурстардың 40,1% экспортқа шығарылды, бір жыл бұрын көрсеткіш шамамен 20,7% еді.
Биылғы қаңтар–тамыз айларында ҚР-да 308,5 мың тонна күнбағыс майы өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 39,5% артық. Оның 47%-ы, яғни 145 мың тоннасы тек Шығыс Қазақстан облысының үлесіне тиді. Өндірістің айтарлықтай көлемі Абай ауданы мен Шымкентте де байқалды: сәйкесінше 59,2 мың және 32,1 мың тонна.
2022 жылғы қаңтар–тамызда күнбағыс майы өндірісінің үштен екісінен астамы тазартылмаған майдың үлесіне тиді: 215,9 мың тонна, бұл 2021 жылдың қаңтар–тамызымен салыстырғанда бірден 79,1% артық.
Тазартылған күнбағыс майы 92,6 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,9% аз.
Қыркүйек айында күнбағыс майының бағасы бір айда айтарлықтай 4,6% өсті, бұл 2021 жылдың маусымынан бергі ең жоғары айлық өсу, ол кезе баға 5,6% өскен еді.
Өңірлер бойынша күнбағыс майы бағасының ай сайынғы айтарлықтай өсуі Маңғыстау облысында тіркелді: бірден 10,7%. Қарағанды және Ақтөбе облыстарында сәйкесінше 9,9% және 8,7%. Бағаның ең аз өсімі Алматы облысында, бар болғаны 0,4%.
Сонымен қатар, 2022 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша, күнбағыс майының бағасы жыл басынан бері 15,8%, ал бір жылда 16,4% өсті.
Анықтама үшін: өткен жылы қыркүйекте күнбағыс майы жыл басынан бері 29,5%, бір жылда 65,6% қымбаттаған еді.