«Қазтеміртранс» Қостанай филиалының директоры сыбайлас жемқорлық үшін сотталды. Оның сыбайласы «Вадиса М» серіктестігінің жетекшісі де заң алдында жауапқа тартылды, деп хабарлайды Хабар 24 .
«Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен Таировқа пара беру фактісі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл белгіленді. Бұл 24 млн теңгеге тең»,-деді облыстық Соттың баспасөз қызметінің басшысы Зәуре Едікова.