Білім беру қызметтерінің бағасы қыркүйекте 2021 жылғы тиісті аймен салыстырғанда 13,8%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары өсім.
Мектеп пәндері бойынша білім беру орталықтарының қызметтері бір жылдың ішінде 10,2%-ға өсті.
Колледжде білім беру ақысы 19,5%, ал жоғары оқу орындарындағы білім 16,3%-ға қымбаттады.
Түрлі кәсіптік оқыту курстарының бағасы 15,6% өсті.