Құрбысының атына онға жуық несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Жарияланды
Несие қарызы 804 993 теңгені құрайды

Атырау облысында құрбысының атына 9 несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Исатай ауданының 32 жастағы тұрғынының атына белгісіз адам 9 рет банктен несие рәсімдеген.

Жәбірленуші банктер мен қаржылық ұйымдар тарапынан өзіне түскен толассыз қоңыраулардан соң өзінің 804 993 теңге көлемінде несие қарызы барын білген.

Тәртіп сақшылары осы факті бойынша онлайн несие рәсімдеп, алаяқтық қылмыс жасаған 31 жастағы Исатай ауданының тұрғынын анықтап, ұстады.

Тергеу барысында жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарын бұрын күдіктіге, яғни таныс құрбысына бергені анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыз