Биылғы жылдың мамыр айынан бастап қаланың коммуналдық қызметтері жылыту маусымына дайындықты бастады. Бұл туралы Алматы қаласының баспасөз қызметі хабарлады.
Барлығы 413 білім беру нысаны, 129 денсаулық сақтау нысаны және 8 476 тұрғын үй қорының нысаны дайындалды.
«АлматыТеплоКоммунЭнерго» ЖШС қазандықтарындағы көмір және мазут қоры 100% жеткілікті. «АлЭС» АҚ (ЖЭО-1,2, БТК) энергия көздерінде көмір 118% және мазут қоры 118%.
Қалаға жылу бес тәулік бойы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +8°С және одан төмен болғанда беріледі.
Бірінші кезекте жылумен денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары және өзге де әлеуметтік нысандар қамтылады. Содан кейін жылу көппәтерлі тұрғын үйлерге беріледі.