Алматыда жұмыссыздар жұмысқа орналасуда қалай көмек ала алады

Жарияланды
Ағымдағы жылы25 221 адам жұмысқа орналасты

Жұмыс іздеп жүрген алматылықтарға не істеу керек, оларға бәсекеге қабілетті түйіндеме жасауға және лайықты бос жұмыс орнын табуға қайда көмек көрсетіледі. Бұл туралы Алматы қаласы ӨКҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл сауалдарға Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Сағындық Кенжебаев жауап берді. Спикердің айтуынша, бүгінгі күні жұмыс берушілер электронды еңбек биржасына 4306-дан астам бос жұмыс орындарын орналастырған. 

Ағымдағы жылдың басынан бері 25 221 адам жұмысқа орналасса, оның 13 343-і тұрақты, 11 878-і уақытша жұмысқа орналастырылды. 

 «Азаматтар мен жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін 2018 жылдан бастап қызметтерді электронды форматқа көшіруді жүзеге асыру басталды. Бүгінгі күні барлық қызметтер онлайн түрде көрсетіледі, бұл өтініш берушіні жұмыссыз ретінде тіркеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жолдама алу, жұмыс беруші үшін бұл бос жұмыс орындарын жариялау, кадрларды іріктеу, белсенді шараларға қатысуға өтініш беру, әртүрлі құжаттарды ұсыну. жұмыспен қамту туралы есеп беру, – деп хабарлады С.Кенжебаев.  

Жұмыспен қамту орталығының директоры ағымдағы жылдың 3 қазанынан бастап 2023 жылға арналған субсидияланатын жұмыс орындарына қатысқысы келетін жұмыс берушілердің өтініштерін қабылдау басталғанын айтты. Қабылдау айдың соңына дейін жүргізіледі.  

Сондай-ақ спикер азаматтардың жекелеген санаттарын квота бойынша жұмыс орындарына (квота бойынша мүгедектер – 2171, тұрақты жұмыс орындарына – 223, пробация қызметі мен бас бостандығынан айыру орындарында есепте тұрғандар – 23, жетім балалар – 2, әйелдер – 12815 , жастар – 8768,  алимент бойынша берешегі бар азаматтар – 15) жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінетінін айтты. 

 «Жұмыс іздеушілерді тарту мақсатында Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп стихиялық «еңбек биржаларында», базарларда, халық көп жиналатын орындарда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, «Алтын Орда» әмбебап базары ауданындағы «Барлық», «Барахолка», «Сары Арқа», Шолохов көшесі бойындағы «Алматы 1» сияқты базарлар қамтылды», – деді С.Кенжебаев. 

 Кездесулер барысында жұмыс іздеушілердің басым бөлігі Алматы қаласының тұрғындары емес екені белгілі болды. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді, бостұрған жұмыс орындар ұсынылды, Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасына қатысу мүмкіндіктері бойынша түсіндірмелер берілді, жұмысқа орналасуға және мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсету мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетілді. 

 Сонымен қатар, Жұмыспен қамту орталығы тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіп тұрады. Жыл басынан бері 28 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, оған 8 мыңнан астам адам қатысты (1000-ға жуық адам жұмысқа орналастырылды).

Сондай-ақ оқыңыз