Головкин орта салмақтағы WBA титулынан айырылуы мүмкін

Жарияланды
GGG Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізу туралы келісімге келу керек

Британдық IntuBoxing басылымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен кубалық Эрисланди Лара арасындағы ықтимал жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Геннадий Головкин орта салмақтағы WBA титулынан айырылуы мүмкін. Головкинге 23 қазанға дейін Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізу туралы келісімге келу керек», – деп жазады басылым.

Еске салайық, қыркүйек айының соңында Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Головкинге орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы Ларамен жекпе-жек өткізуді ресми түрде тағайындап, боксшылардың тараптарына келіссөз жүргізуге 30 күн уақыт берген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз