МӘМС үшін елордалықтар 5,8 млрд теңгеден аса жарна аударған

Жарияланды
Осы жылдың қыркүйек айында

«Осы жылдың қыркүйек айында МӘМС үшін елордалықтар 5,8 млрд теңгеден аса жарна аударған. Ал, жыл басынан бері, яғни 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін елордалықтардан 48,4 млрд теңгеден аса жарна түсті. Жалпы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 30 қыркүйегі аралығында Астана қаласы бойынша медициналық сақтандыру үшін 149,1 млрд теңгеге жуық жарна жинақталған» – деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.

 Астана қаласы бойынша осы жылдың қыркүйек айында МӘМС үшін елордалықтар 5,8 млрд теңгеден аса жарна аударған. Оның ішінде 3,3 млрд теңге – жұмыс берушілердің, 2,5 млрд теңгеден астамы – жеке кәсіпкерлердің аударымдары.

Ал 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 48,4 млрд теңгеден аса жарна аударған (оның 26,9 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің аударымдары, ал 21,5 млрд теңгеге жуығы –жеке кәсіпкерлерден түскен жарна).

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 15 849 бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерден түскен МӘМС жарналары 97,6 млн. теңгеден аса соманы құрайды, ал осы жылдың қыркүйек айында 8521 БЖТ төлеушілерден 11,5 млн.теңге жарна түскен.  

Сондай-ақ оқыңыз