Жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 19,6%-ға өсті

Жарияланды
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді

Өткен аптада және ай басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға, жыл басынан 19,6%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық Статистика бюросы хабарлады.

Жылдық мәнде олар 19,7%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайыздық тармаққа жоғары.

Өткен апта ішінде арзандады: Пияз – 1,3% Сәбіз – 1,2% Құмшекер – 0,7%

Өткен апта ішінде қымбаттады: Жұмыртқа, І категория – 1,2%

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2022 жылғы 4 қазанға/: Күнбағыс майы – 893 тг/л Сиыр еті – 2 267 тг/кг Пияз -115 тг/кг

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді

Сондай-ақ оқыңыз