Алматының адвокаттары биыл 10 мыңнан астам азаматқа тегін заң көмегін көрсетті

Жарияланды
Кімдердің өтеусіз негізде адвокат көмегін алуға құқығы бар

 

Алматының адвокаттары 2022 жылы 10 мыңнан астам азаматқа тегін заң көмегін көрсетті.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері хабарлады.

 Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Еркебұлан Жетпісбаев азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстары мен құқықтық көмек пен кеңес беру олардың ведомствосының маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын айтты. 

Мысалы, ағымдағы жылдың 9 айында адвокаттар мемлекет кепілдік берген 10 509 азаматқа 129 913 750 теңге сомасында заң көмегін көрсетті. 

«Құқық мәдениеті» және «Рухани Жаңғыру» арнайы жобалары аясында Әділет департаменті аудандық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, әлеуметтік үйлерде, Алматы аудан әкімдіктерімен бірлесіп 800 мыңнан астам азаматты қамти отырып, 322 іс – шара өткізді», – деді Е.Жетпісбаев. 

Іс-шаралар шеңберінде Әділет департаментінің мамандары, адвокаттар а»мүлік иелерінің бірлестігін» тіркеу, атқарушылық жазба, мұраны ресімдеу, апостиль қою, зияткерлік меншік объектілерін тіркеу және авторлық құқық пен тауар белгісін қорғау, шоттарға тыйым салу және Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша кеңес береді.

 Жалғасында Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз хатшысы Алмас Бекботаев барлық іс-шараларға заң қоғамдастығының (адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және заң консультанттары), жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, көші-қон полициясының өкілдері және Алматы қаласы мәслихатының депутаттары қатысатынын айтты. 

«Құқық түсіндіру жұмыстары жоғары оқу орындары жанындағы заң клиникаларымен бірлесіп жүргізіледі, студенттер үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша семинарлар өткізіледі, сондай-ақ студенттер алған білімдерін практикада қолдану үшін «Әділет кеңес береді» акциясы шеңберінде азаматтармен кездесуге шақырылады», – деп атап өтті А.Бекботаев.

 Қазіргі уақытта, Әділет департаменті Көші-қон полициясымен және заң қоғамдастығымен бірлесе отырып Алматы қаласының аудандық ХҚКО-да тұрғын үйді жалға беру нарығындағы алыпсатарлық дүрбелеңге байланысты  құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың; мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарының не азаптауларға ұшыраған құрбандардың өтеусіз негізде адвокат көмегін алуға құқығы бар.

Сондай-ақ оқыңыз