2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 333 421 өтінішін орындады. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.
Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (17,61%), Астана қаласының (14,01%), Маңғыстау облысының (10,34%) тұрғындары тарапынан жолданған.