Дамушы нарықтардың валюта бағамы көп бағытты динамика көрсетті
Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 7 қазанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада1%-ға (476,71 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 472,04 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылғы 30 қыркүйек пен 7 қазан аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. АҚШ-та өндіріс саласындағы іскерлік белсенділік индексі қыркүйекте 50,9 тармаққа жетті, бұл талдаушылардың күткенінен төмен болды. АҚШ-тағы еңбек нарығына қатысты деректер АҚШ ФРЖ ақша-кредит саясатын одан әрі күшейту қажеттілігі туралы болжамды қолдайды: жұмыссыздық деңгейі 3,5%-ға төмендеп, ауыл шаруашылығына жатпайтын секторда жұмыспен қамтылғандар саны 263 мыңға өсті.
Бұл факторлар дамушы нарықтардағы валюталардың әр түрлі бағыттағы динамикасын көрсетті.
Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:
- Бразилия реалы елдің қазіргі Президенті мен президенттікке үміткер Луис Лула арасында айқын басымдықтың болмауынан дауыстардың бөлінуін көрсеткен Президентті сайлаудың бірінші тур нәтижелері аясында 3,9%-ға (5,41-ден 5,2-ге дейін) нығайды;
- Мексика песосы тәуекел-сентименттің біршама жақсаруы және АҚШ-тың негізгі қор индекстерінің артуы аясында 0,5%-ға (20,14-тен 20,04-ке дейін) нығайды;
- Оңтүстік Африка ранды 18,09-дан 18,1-ге дейін 0,1%-ға әлсіреп, бір аптада өзгерген жоқ. Жергілікті борыш нарығында шетелдік инвесторлардың ОАР МБҚ-ға қызығушылығының қалпына келгені байқалады, бейрезиденттердің сатып алуы екінші апта жалғасуда;
- Индонезия рупиясы бейрезиденттердің кетуі аясында 0,2%-ға (15 227-ден 15 251-ге дейін) әлсіреді. Шетелдік инвесторлар сәрсенбіде 193 млн АҚШ долларын сатты, борыш құралдарынан нетто-әкету, қатарынан, екінші апта жалғасуда;
- түрік лирасы қыркүйекте 83% деңгейіндегі инфляция туралы деректердің шығуы аясында 0,2%-ға (18,53-тен 18,57-ге дейін) әлсіреді;
- үнді рупиясы мұнай бағасын белгілеудің өсуі аясында 1,2%-ға (81,35-тен 82,33-ке дейін) әлсіреді;
- Ресей рублінің бағасы демалыс күндері алдында позицияларды бекіту аясында 4,4%-ға (58,45-тен 61-ге дейін) әлсіреді.