Елімізде экономикасының өсу қарқыны 2,8%-ды құрады
Жарияланды
10,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
2022 жылғы қаңтар-қырқүйектегі елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы ҚР Үкіметінің ресми баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,8%-ды құрады. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 3,1%, ал қызмет көрсету саласында 1,9%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 7%-ға дейін жеделдеді.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,6%-ға өсті.
Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,1%-ға ұлғайды.
Аталған кезеңде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 5,1%-ға өсті. 10,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 0,9 %-ға артық.
Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 6,9%-ға ұлғайды.