Биылғы қаңтар–тамыз айларында ірі қара, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тектес жануарлардың жас немесе тоңазытылған етін өндіру 46,8 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7% көп.
ҚР үй шаруашылықтарында ет тұтынуы бірінші жартыжылдықта 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6% өсіп, орта есеппен жан басына шаққанда 19,5 кг құрады. Бұл ретте ауылдық жерлерде орта есеппен жан басына шаққанда 20,9 кг ет (2,4% көбейген), қалалық жерлерде 18,5 кг 2,9% көбейген) тұтынылған.
2022 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстанда ет тұтынудың негізгі көлемі сиыр етіне тиесілі: орта есеппен жан басына шаққанда 12 кг — 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2,1% артық. Одан кейін жылқы еті мен қой еті келеді: сәйкесінше 3,2 кг және 2,6 кг. Шошқа еті орта есеппен жан басына шаққанда 1,7 кг болды.
Биылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша, ет бағасы түрлеріне қарай бір айда 0,6%-дан 1,8%-ға дейін, бір жылда 7%-дан 15%-ға дейін қымбаттады.
Сүйегі бар сиыр етінің бағасы бір айдың ішінде айтарлықтай өсті — 1,8%. Шошқа еті 1,5%, жылқы еті 1,3% қымбаттады. Қой етінің бағасы ең аз қымбаттады — 0,6% ғана.
Жылдық динамика бойынша жылқы еті айтарлықтай қымбаттады — 15%. Қой мен шошқа еті 12,7%, қазақстандықтар көп жейтін сиыр еті 7% қымбаттады.
2022 жылдың қыркүйегінде ҚР қалаларында сүйегі бар сиыр етінің бөлшек саудадағы килосы орташа есеппен 2387 теңге, қой еті 2660 теңге, шошқа еті 2033 теңге, жылқы еті 2932 теңге болды.