Жаңалықтар

ШҚО-да қыркүйектегі орман өртінің шығу себептері айтылды

Өрттен келген шығын бір миллиард теңгеден асты

ШҚО-да 2-7 қыркүйек аралығында болған өрттен келген шығын бір миллиард теңгеден асады. Бұл туралы облыстық орман инспекциясы мәлімдеді. Бұл туралы YK-news.kz баспасөз қызметі хабарлады.

Комиссияның тергеу нәтижелері бойынша өрттің шығуына қолайсыз ауа райы, қатты екпінді жел мен құрғақ ыстық ауа-райы себеп болса, ал өрттің таралуына жетуге қолайсыз таулы жер мен өрт ошағына жақын жерде су алатын жердің болмауы себеп болған.

«Нақты себебін анықтау үшін барлық материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды», – деп қорытындылады инспекция.

Қыркүйек айында болған орман өрттерінің жалпы ауданы 11 139,6 гектарды құрады, оның 6 569,7 гектары орманды алқаптар. Өрттен келген шығын бір миллиард теңгеден асты. Өртті сөндіруге 31 186 000 теңге жұмсалды.