Баланың туу туралы куәлігін енді онлайн алуға болады
Денсаулық сақтау министрлігі балалардың тууын тіркеу кезінде туу туралы медициналық куәліктерді әділет органдарына беруді қамтамасыз етеді. Енді бұл құжатты Kaspi.kz платформасын пайдаланушыларға баланың туу туралы куәлігін беру қызметі арқылы онлайн алуға болады.
Kaspi.kz.әзірлеушілері түсіндіргендей туу туралы куәлікке өтінішті тікелей қосымшада беруге болады. Өтінімде баланың аты – жөні мен ата-анасының деректерін енгізу керек, содан кейін – куәлікті алғыңыз келетін ХҚКО таңдау керек.
Өтінімді берген кезде ата-аналар Kaspi.kz қосымшасында бейнетексеруден өтуі – смартфон камерасына бетіңізді көрсету қажет. Бұл сіздің құжаттарыңызға бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу үшін жасалған.
Бұл сервис Денсаулық сақтау, әділет, инновацияларды цифрлық дамыту және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен, «ҰАТ» АҚ және Kaspi.kz компаниясымен бірлесіп іске асырылды