Путин Астанаға келді

Жарияланды
11 мемлекет басшысы бас қосатын саммит АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып отыр

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бірқатар халықаралық іс-шараға қатысу үшін Астана қаласына келді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы хабарлады.

Қонақты елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады.

11 мемлекет басшысы бас қосатын саммит АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып отыр.

Сонымен қатар РФ Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады деп күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыз