Жаңалықтар

ҚР-ның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4,5% артты

Өзара сауда 17 280,7 млн АҚШ долларды құрады

2022 жылғы қаңтар-тамыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 17 280,7 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 4,5% көбейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2022 жылғы қаңтар-тамыздағы тауарлар экспорты 5 496,5 млн. АҚШ доллары (8% көп), импорт – 11 784,2 млн АҚШ доллары (2,9% көп)деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,5%, бұдан әрі Қырғызстан Республикасына – 4%, Беларусь Республикасына – 3,4%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.

ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда химиялық элементтер бойынша 2 есе өсім байқалады. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу байқалады (73,6% аз).

Импортта қара металдардан жасалған дөңгелек қимасы бар өзге де құбырлар мен түтіктер бойынша өсім байқалады – 4 есе.

Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша төмендеу байқалады (69,6% аз).