9 айдағы бөлшек сауда көлемі 10 625,6 млрд теңгені құрады

Жарияланды
Азық-түлік тауарларының жалпы бөлшек саудадағы үлесі 36%-ды құрады

Бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 10 625,6 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4% жоғары. Дара кәсіпкерлердің тауарды бөлшек саудадағы өткізу көлемі 1,9% өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюрос

Жалпы бөлшек сауда көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі 36% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 64%.

Азық-түлікке жатпайтын тауарларда сауда көлемі өскен, атап айтқанда мамандандырылған дүкендердегі жиһаз, майлау материалдары, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, тораптар мен керек-жарақтар, мотор отыны, музыкалық аспаптар, тұрмыстық электр құралдары, фармацевтикалық тауарлар, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, киім, аяқ киім, косметикалық тауарлар мен гигиена керек-жарақтары, сағат және зергерлік бұйымдар, жарықтандыру құралдары мен тұрмыстық тауарларды сататын кәсіпорындарда байқалды.

2022 жылғы 1 қазанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 200,9 млрд теңгені, сауда күндерінде 61 күнді құрады.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (32,0%) мен Астана қалаларына (12,2%), Қарағанды (8,5%) және Шығыс Қазақстан (6,2%) облыстарына тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз