Қазақстандағы такси қызметі ТМД елдері арасында ең қымбат

Жарияланды
Бір жылда такси тарифі бірден 9% өсті

Numbeo мәліметтері бойынша, абиылғы 6 қазандағы жағдай бойынша, 1 километрге такси бағасы ең арзан Пәкістанда (0,18 АҚШ доллары), ал ең қымбат Швейцарияда (3,93 АҚШ доллары) болды.

Қазақстанда 1 километрге такси қызметінің бағасы 0,32 АҚШ долларын құрады. Қазақстан такси қызметінің арзандығы бойынша 105 елдің ішінде 12-орында. ТМД елдерінің ішінде такси қызметі Әзірбайжан мен Ресейде Қазақстаннан қарағанда қымбат болса, Беларусь, Өзбекстан, Молдова, Украина және Арменияда арзанырақ.

Биылғы қаңтар–тамыз айларында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың кірісі бір жыл бұрынғы 2,8 млрд теңгемен салыстырғанда 3 млрд теңгені құрады (ақшалай түрде 6,4% көбейді).

Саладағы ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды облысында тіркелді: 1,3 млрд теңге, ақшалай түрде жылына 37,3% көбейді. Үздік үштікке сондай-ақ елорда (728,7 млн теңге, 4,4% аз) және Алматы (499,6 млн теңге, 27,1% аз) қалалары кірді. Ең аз кіріс Шығыс Қазақстан облысындағы такси компанияларында байқалды: бар болғаны 0,4 млн теңге.

Жыл басынан бері 1,4 млрд жолаушы такси қызметін пайдаланды, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,1% артық. Жолаушылар айналымы бір жылмен салыстырғанда 8,7% өсіп, 20,7 млрд жкм құрады.

Биылғы тамыз айының қорытындысы бойынша бір жыл ішінде такси ақысы 9% өскен.

Өңірлер бойынша Жетісу облысында баға айтарлықтай қымбаттады: бір жылда 37,7%. Одан кейін Алматы облысы мен Абай облысы: тиісінше 28,1% және 21,2%.

Баға ең аз өскен өңір Ақмола облысы: 0,5% ғана. Тағы төрт облыста — Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Түркістанда баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.

Сондай-ақ оқыңыз